Жан Франсуа Милле


Contributors to Wikimedia projects

Article Images

Жан Франсуа Милле

Милле (Mіllet) Жан Франсуа Аллар (4.10.1814, Грюши, Гревиль маңы – 20.1.1875, Барбизон, Париж маңы) – француз кескіндемешісі, график - суретші.

Жан Франсуа Аллар


1837 – 38 жылы Парижде П.Делароштан сабақ алды. 1830 – 40 жылы эклектикалық мәнерде портреттер, көріністер, аңыз бен ертегілерге негізделген композициялар салды. 40-жылдардың аяғында барбизон мектебі шеберлерімен пікірлес болып, әлеуметтік өмір көріністеріне қалам тартты.

“Масақ жинаушылар” (1857 жыл), “Анжелюс” (1859 жыл) атты суреттерінде халықтың ауыр тұрмысын бейнелей отырып, табиғат пен адамның өзара байланысын көрсетті. 1850 – 60 жылдардағы еңбектерінде негізінен әлеуметтік көзқарас басым болды. Өмірінің соңғы жылдарында офорт және пастель техникасы негізінде көптеген шығармалар жазды.[1]

  1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том