Мина Урган


Contributors to Wikimedia projects

Article Images


Мина Урган (14 мамыр 1916 жыл – 15 маусым 2000 жыл) — түрік[1] аудармашысы, жазушы, университет оқытушысы.

Мина 1916 жылы 14 мамырда Ыстанбұлда ақын Тахсин Нахит пен оның жұбайы Шефиканың отбасында дүниеге келген[2]. Тағы басқа деректер бойынша оның туған күні 1915 жылдың 1 мамыры[3]. Әкесі Минаның үш жасында қайтыс болды, содан кейін анасы жазушы және журналист Фалих Рифки Атаймен екінші рет отбасын құрды. 1934 жылы Түркияда фамилиялар туралы заң қабылданғаннан кейін өгей әкесінің жақын досы Нежіп Фазыл Кысакүрек оған «Урган» (түр. Urganарқан) фамилиясын алуға кеңес береді, «бұл оған жарасады, өйткені әлеуметтік көзқарастағы қыз бір күні бәрібір дарға асылады» деп қалжыңдайды[4].

Мина Стамбулдағы Нотр-Дам де Сион лицейін, содан кейін Арнавуткёй әйелдер колледжін бітірген. Ол Түркиядағы алғашқы шаңғышылар мен жүзушілердің бірі болды. Стамбул университетін бітіріп, француз филологиясын оқыды. Француз әдебиеті саласында ғылыми дәрежесін алды, содан кейін ағылшын филологиясы саласында ғылыми жұмысын жалғастырды. 1949 жылы «Англия Елизавета I дәуірінің театрындағы Арлекиндер» еңбегі үшін қауымдастырылған профессор (ағылш. associate professor) лауазымын алды. 1960 жылы профессор лауазымын алды[5]. Университетте 1977 жылға дейін жұмыс істеді[6].

Томас Малори, Генри Филдинг, Оноре де Бальзак, Олдос Хаксли, Грэм Грин, Уильям Голдинг, Джон Галсуорси және Шекспирдің шығармаларын түрік тіліне аударған[7]. Мина «Bir Dinazorun Anıları» («Динозавр туралы естеліктер») өмірбаянымен танымал болды. Ол 1998 жылы жарияланды және бірнеше апта бойы бестселлер тізімінде қалды[8]. 1999 жылы «Bir Dinazorun Gezileri» («Динозаврдың саяхаттары») атты тағы бір өмірбаянын шығарды[9].

1993 жылы Мина Урган «Алтын кітап» сыйлығына ие болды. Вирджиния Вулф туралы жұмысы үшін ол 1995 жылы Седат Симави әдеби сыйлығын және 1996 жылы Хат адамдары қауымдастығының құрмет сыйлығын алды[10].

Минаның саяси қызметі 1960 жылдан бастау алады. Ол Түркияның демократиялық социалистік жұмысшылар партиясы (TİP) және Бостандық және ынтымақтастық партиясының (ÖDP) мүшесі болды. 1999 жылы ол ÖDP партиясынан парламентке сайлауға ұсынылды, бірақ қажетті дауыс санын жинай алмады[11].

Мина Урган ақын және актер Джахит Ырғатқа (1916-1971) тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптылар кейін ажырасып кетті. Минаның ұлы – Мұстафа Ырғат (1950-1995) ақын, суретші және қызы – Зейнеп Ырғат актриса болды.

Мина Урган 2000 жылы 15 маусымда Ыстанбұлда 84 жасында қайтыс болды. Көптеген жазушылар мен өнер қайраткерлері қатысқан Тешвикие мешітіндегі діни рәсімнен кейін Ашиян зиратына жерленді[12].

  1. http://catalogue.bnf.fr/ark:/12148/cb15899725j
  2. http://arsiv.ntv.com.tr/news/11608.asp
  3. https://www.turkedebiyati.org/mina-urgan.html
  4. http://arsiv.sabah.com.tr/2000/06/19/g05.html
  5. http://arsiv.ntv.com.tr/news/11608.asp
  6. http://www.biyografi.net/kisiayrinti.asp?kisiid=3600
  7. http://www.biyografi.net/kisiayrinti.asp?kisiid=3600
  8. https://www.turkedebiyati.org/mina-urgan.html
  9. http://kitap.ykykultur.com.tr/kitaplar/bir-dinozorun-gezileri
  10. https://www.turkedebiyati.org/mina-urgan.html
  11. http://www.haberturk.com/secim1999
  12. https://www.turkedebiyati.org/mina-urgan.html