Шойындыкөл (көл)


Contributors to Wikimedia projects

Article Images

Шойындыкөл, Шаяндыкөл – Терісаққан өзені алабындағы көл.

Шойындыкөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі325,0 м
Өлшемі6,4 × 5,0 км
Ауданы18,84 км²
Су алабы
Суды жинау ауданы281 км²
Орналасуы
50°27′52″ с. е. 67°20′12″ ш. б. / 50.46444° с. е. 67.33667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°27′52″ с. е. 67°20′12″ ш. б. / 50.46444° с. е. 67.33667° ш. б. (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданЖарқайың ауданы

Шойындыкөл (көл) (Қазақстан)

Шойындыкөл

Шойындыкөл (көл) (Ақмола облысы)

Шойындыкөл

 Басқа мағыналар үшін Шойындыкөл деген бетті қараңыз.

Ақмола облысы Жарқайың ауданы жерінде, Шойындыкөл ауылының оңтүстігінде орналасқан.

Теңіз деңгейінен биіктігі 325,0 м. Ауданы 18,84 км2, ұзындығы 6,4 км, ең енді жері 5,0 км, су жиналатын алабы 281 км2. Көл бетін толықтай құрақ жапқан. Жағалары жарқабақты, биіктігі 4 – 6 м. Түбі жайпақ, саздақты, лай қалыңдығы 0,3 – 0,4 м. Көлдің 4 саласының тек солтүстігіндегі Алтынқарасу жылғасы ғана жыл бойы сулы. 7 км батыста жатқан Сабынды көлінен Алтынқарасуға құятын тармақтың ені 10 – 15 м, арнасы құбылмалы. 1 км оңтүстік-батыста жатқан Жаркөлден келетін екі тармақтың суы аз. Су деңгейі көктемде суы мол жылдары 30 – 40 см, суы аз жылдары 15 – 20 см-ге көтеріледі. Көл соңғы 50 – 60 жылда 15 рет құрғаған. Суы ащылау, тек мал суаруға жарамды.[1]