Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы


Contributors to Wikimedia projects

Article Images

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

РКФСР құрамындағы автономиялық республикалардың бірі (1920–1936)

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

1920—1925:
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
قىرعىز اۆتونوميالى كەڭەستىك سوسياليستىك رەسپۋبليكاسى
Киргизская Автономная Социалистическая Советская Республика
1925—1936:
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
قازاق اۆتونوميالى كەڭەستىك سوسياليستىك رەسپۋبليكاسى
Казахская Автономная Социалистическая Советская Республика
Қазағыстан / قازاعىستان

Автономиялы Кеңестік Социалистік республика
26 тамыз 1920 жыл — 5 желтоқсан 1936 жыл
Байрағы Елтаңбасы
Астанасы Орынбор (1920—1925)
Қызылорда (1925—1927)
1927 жылдан бастап Алматы
Тіл(дер)і қазақша, орысша
Аумағы 2 983 564 км² (Қарақалпақ АО-мен бірге, 1930 жылға дейін)
2 852 619 км² (Қарақалпақ АО-сыз, 1930 жылдан кейін)
Халқы 6 503 000+ адам (1926)
Басқару формасы Унитарлы Кеңестік республика
1932 жылдағы Қазақ АКСР-і

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].

1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың  адам болды.

  • С.Меңдешев (1882-1937)
    • 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
    • 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
    • 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
  • Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
    • 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
    • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
    • 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
    • 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
  • А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
    • "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
    • 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
  1. КНЭ, 2004